БИЗНЕС-ТРЕНЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ
TalpynUP Teen — жасөспірімдер мен жастарға арналған кәсіби бағдар мен менторлық бағдарлама
Сенің энергияң, амбицияң мен армандарың — бұл сенің күшің!
TalpynUP Teen бағдарламасының әрбір қатысушысына бүкіл бағдарлама кезеңінде кәсіби ментор бекітіледі!
Ата-аналарға арналған бонус:
— Эмоциялық интеллект бойынша тренингтер
— Профориентологтармен кездесулер: жасөспірімді қалай қолдап, мамандық таңдауда көмектесуге болады?
Бағдарлама туралы
TalpynTeen — бұл жасөспірімдер мен жастарға арналған үш айлық кәсіби бағдар мен даму бағдарламасы, әр қатысушыға жеке ментор тағайындалады.

Біз өзіңді тереңірек танып, жеке жолыңды табуға, уақытыңды, қаржыңды және эмоцияларыңды тиімді басқаруға көмектесеміз — және оқу барысында сенің жаныңда әрдайым ментор болады.
Бағдарлама кімдерге арналған?
Мектеп оқушыларына (14–18 жас)

– Өмірде кім болғың келетінін білгің келе ме?

– Түрлі мамандықтарға қызығасың, бірақ қайсысы өзіңе лайық екенін білмейсің бе?

– Жоғары оқу орнына түсуді армандайсың, бірақ неден бастау керектігін түсінбейсің бе?


Біз қандай сұрақтар бойынша көмектесе аламыз:

  • Кәсіби диагностика мен өзіңнің күшті және әлсіз жақтарыңды анықтау
  • Университетке тапсыруға арналған портфолио жасау
  • IT, креатив, ғылым және білім саласындағы мықты мамандармен кездесу
  • Профориентологтан жеке даму бойынша ұсыныстар алу
  • Лидерлік қабілеттер мен мақсат қою дағдыларын дамыту
Жастарға (18–22 жас)

– Білім бар, бірақ оны нақты өмірде қалай қолдануды білмейсің бе?

– Ақша табуды, мансап құруды және армандаған жұмысыңды тапқың келе ме?


Біз қандай сұрақтар бойынша көмектесе аламыз:

  • Мамандық пен өз жолыңды нақты түсіну
  • Өзін-өзі ұсыну дағдылары — резюме, портфолио, сұхбаттасу
  • Халықаралық рекрутерлерден ұсыныстар
  • Ментор қолдауы мен жеке тиімділік құралдары
Бағдарлама құрылымы
  • Біз сені жалықтыратын дәрістермен жүктемейміз. Оқу үдерісі қызықты, ыңғайлы және барынша пайдалы болатындай етіп құрылған
  • Жеке ментордың қолдауы: Ментор білімді бекітуге, сұрақтарға жауап беруге және барлығын тәжірибеде қолдануға көмектеседі.
  • Қысқа бейнесабақтар: 5–10 минуттық сабақтар, аптасына 5 рет. Өз ыңғайыңа қарай көріп, қажет кезде қайта оралуға болады.
  • Апта сайынғы практикалық сессиялар: Әр апта соңында бизнес-тренермен 1,5–3 сағаттық терең талдау, пікірталас және нақты тәжірибелермен бөлісу сессиясы өтеді.

Бағдарлама 3 айға созылады
және сені тұлға ретінде және болашақ маман ретінде дамытуға көмектесетін үш негізгі модульден тұрады.
  • 1-модуль: Бизнес-ойлау
    Бұл бөлімде сен мақсат қоюды, күйзелістен сақтануды және уақытыңды тиімді басқаруды үйренесің — оқу, өмір және армандардың барлығына үлгеру үшін.

    Сен мыналарды білетін боласын:
    - Мақсаттарыңды қалай анықтап, жолдан таймау
    - Нақты өмірде тайм-менеджмент қалай жұмыс істейді
    - Жеке тиімділік деген не және оны қалай дамытуға болады
    - Эмоциялар бізге қалай әсер етеді және өсу үшін эмоционалдық интеллектті қалай пайдалану керек

  • 2-модуль: Қаржылық сауаттылық
    Табыс табу, жинақтау, инвестициялау — бұлардың барлығын жасөспірім кезден бастап үйренуге болады. Ақша — бұл тыйым салынған тақырып емес, еркіндік пен сенімділікке апаратын құрал.

    Бұл модульде сен:
    - Қаржылық ойлау деген не және оны қалай дамыту керек
    - Бюджетті қалай жоспарлап, ақшаңды басқаруды үйрену
    - Тіпті аз мөлшердегі қаражатпен қалай инвестиция жасау
    - Қаржылық тәуелсіздік туралы қазірден бастап ойлаудың маңыздылығын үйренесін

  • 3-модуль: Мансап жолы
    14–18 жас аралығындағы мектеп оқушылары үшін:
    Біз IT, білім беру, ғылым, креативті индустриялар және технологиялар (STEM) салаларында керемет жобалар жасайтын нақты мамандармен танысамыз. Сен оларға кез келген сұрақ қоя аласың, олардың өз істеріне қалай келгенін түсініп, әртүрлі бағыттарда өзіңді сынап көре аласың.

    Сондай-ақ:
    - Диагностика және кәсіби бағдар
    - Күшті портфолио құру
    - Университеттерге түсу бойынша кеңестер
    - Профориентологтан жеке даму бойынша ұсыныстар
  • 3-модуль: Мансап жолы
    18–22 жас аралығындағы студенттер үшін:
    Кәсіби әлемге шығатын уақыт келді. Біз сені кез келген компанияда жұмыс істеуге шақыратын деңгейде дайындауға көмектесеміз!

    Бұл модульде сен:
    - Халықаралық тәжірибесі бар рекрутерлердің қолдауын
    - Шын мәнінде жұмыс істейтін дайын резюме
    - Өз істерің мен дағдыларың көрсетілген жұмыс портфолиосы
    - Сұхбаттарда сенімді болу қабілеті
    - Өзіңді таныстыру және білімдеріңді коммерцияландыру дағдыларын үйренесін
TalpynUP Teen бағдарламасында сен жалғыз қалмайсың — сенімен бірге өз тәжірибесімен бөлісетін, саған сенетін және алға жетелейтін менторлар, тренерлер мен сарапшылар болады!
МЕНТОР — СЕНІҢ ЖЕКЕ ТІРЕГІҢ
Бағдарлама бойы сенің жаныңда біздің менторларымыздың бірі болады. Бұл жай ғана кеңесші емес — бұл сенің одақтасың: ол саған мақсаттарыңды анықтауға көмектеседі, қиын кезде қолдау көрсетеді және қайда бағыт алу керектігін көрсетеді.
Қатысу құны:
350 000₸ 95 000₸
алғашқы бастауға арналған арнайы баға

Форматы:

– 3 ай
– Ыңғайлы бейнесабақтар
– Аптасына 1 рет Zoom-сессия
– Ментордың тұрақты қолдауы
– 6 айға қолжетімді жеке платформа
Сұрақтарыңыз бар ма?
Өтініш қалдырыңыз, ал біз сізбен хабарласамыз:
– Бағдарлама туралы толығырақ айтамыз
– Сізге лайық бағытты таңдауға көмектесеміз
– Барлық сұрақтарыңызға жауап береміз