Бизнес-тренерлер қауымдастығының бизнес-тренерлері мен тәлімгерлері TalpynUp жобасының қатысушыларымен бірінші жабық офлайн нетворкинг кездесулерін өткізді.
Кездесулер Алматы, Астана, Шымкент, Семей және Орал қалаларында өтті. Іскерлік нетворкинг кездесуінде кәсіпкерлер бір-бірімен жеке танысып, тәжірибе алмасып, өз жоспарларымен, бизнес-инсайттарымен бөлісіп, бизнес-тренерлермен бизнес-ойлау деп аталатын оқытудың бірінші модулін бекітті.
Люсия Қосалиева: «Офлайн кездесу мен үшін өте нәтижелі болды. Мен бұл бағдарламаны әсіресе жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, сонымен қатар жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге де ұсынамын. Бизнес-тренерлер мен тәлімгерлер басқа курстарда жоқ көптеген тәжірибелер мен ақпараттар ұсынады. Жоба Imperial College London- мен серіктестікте жасалған, сондықтан бағдарлама бізге берілетін білім сапасы мен көлемі жағынан өте күшті және басқа курстарға мүлдем ұқсамайды.
Айнұр Сқақова: «Мен TalpynUp жобасына екі тілде де сапалы білім бергені үшін алғыс айтқым келеді, өйткені қазақ тілінде жақсы курстар мен қажетті ақпарат жеткіліксіз. Бүгінгі кездесуде біз таныстық, әңгімелестік, өз жоспарларымызбен бөлістік, бизнес жүргізу стратегиясын талқыладық. Нәтижелі және жағымды кездесу болды".