Бизнес-тренерлер қауымдастығы мен Қазақстан Республикасы Президентінің қарамағындағы Мемлекеттік басқару академиясы арасындағы серіктестік шеңберінде мемлекеттік қызметкерлерді оқыту және қайта даярлау ұйымдастырылды.
Қиын клиенттердің қалай көңілін тауып, әрекет ету керек, адамдармен жұмыс істеу кезінде эмоционалдық күйзелістерге жауап ретінде пайда болған физикалық және психикалық шаршау жағдайына түспей, демала алу үшін не істеу керек - мемлекеттік қызметкерлерге арналған осы өзекті сұрақтардың жауаптары «Қызмет көрсетушінің стресске қарсы тұруы: «қиын клиенттермен жұмыс» тренингінде талқыланды. Тренингті Бизнес-тренерлер қауымдастығының өкілі, экономика ғылымдарының кандидаты Лаура Байділданова жүргізді. Семинар бағдарламасы: «Эмоционалды интеллект», «Коммуникация дағдылары», «Менеджмент бойынша коучинг әдісі», «Стресске қарсы тұру».
Лаура Байділданова: «Мемлекеттік басқару академиясының жағдай жасап қана қоймай, мемлекеттік қызметшілердің эмоционалдық жағдайына, олардың әртүрлі санаттағы адамдармен дұрыс тіл табыса білуіне және өз эмоцияларын басқара білуіне, клиенттерге жанашырлық танытуына қамқорлық жасайтыны қуантады. Тыңдаушылар ойындарға да, практикалық тапсырмаларға да белсенді қатысты, тек оқыту, тәжірибе, оқық тәжірибе мен білім алмасу болды. Жауапты лауазымдарда жұмыс істейтін қызметкерлер мемлекет атынан өкілдік ете отырып, халықпен жұмыс істеп үлкен жауапкершілік атқаруда. Олар үшін мұндай тренингтер өздерін дұрыс қалыптастыру, клиенттермен дұрыс қарым-қатынас жасау және ең бастысы ресурстық жағдайда болуы үшін өте қажет және маңызды, өйткені бүгінгі күні стресске төзімді болу аса қажетті қасиет болып табылады.
Бизнес-тренерлер қауымдастығының тренерлері ынтымақтасуға қуанышты және мемлекеттік қызмекерлерге олардың қиын жұмыстарында өз көмегі мен қолдауын көрсетуге дайын».