Бизнес-тренерлер қауымдастығының жаңалықтары

«Клиенттің саяхат картасы» және «Бизнес-модельдеу» - бизнес-тренерлер қауымдастығының жетекшісі Әйгерім Тарбағатаеваның кәсіпкер әйелдерге арналған шеберлік тренингіндегі тақырыптары.

«Клиенттің саяхат картасы» және «Бизнес-модельдеу» - бизнес-тренерлер қауымдастығының жетекшісі Әйгерім Тарбағатаеваның кәсіпкер әйелдерге арналған шеберлік тренингіндегі тақырыптары.

23-25 қарашада Алматы қаласында және 27-29 қарашада Астанада Назарбаев Университетінің Жоғары Бизнес Мектебі мен кәсіпкерлікті ғылыми-зерттеу орталығы (NURCE) үш күндік қарқынды шеберлік-тренинг өткізді. Тренерлер: кәсіпкерлік профессоры, Dsq School of Entrepreneurship Бас Директоры доктор Шахид Куреши, Жоғары бизнес мектебінің қауымдастырылған профессоры Доктор Шумайла Юсафзай, Назарбаев Университетінің кәсіпкерлікті зерттеу орталығының (NURCE) негізін қалаушы, бизнес-тренерлер қауымдастығының басшысы Әйгерім Тарбағатаева және бизнес секторындағы басқа да халықаралық және отандық сарапшылар. Тренингке қатысушылар «Кәсіпкерді іскер ететін не», «Тренер - Миллионер» деңгейіне қалай жетуге болатынын білді, әсер ету теориясының принциптерімен танысты, «Өз бизнесіңді қалай қаржыландыруға болады» және «Кәсіпкерлік қаржылық жағдайды зерттеу» әдісі бизнесті дамытуда қалай жұмыс істейтінін түсінді. Бизнес-тренерлер қауымдастығының сарапшылары мастер-тренингке белсенді қатысты.

Лаура Байділданова, бизнес-тренер: «Тренинг барысында біз кейс-стадилерді, интерактивті сессияларды, кәсіпкерлік жаттығуларын және т.б. қарастырдық. Бұл курста алған білім мен үшін, әсіресе, әйелдерге кәсіпкерлік қызметінде қолдау көрсету жөніндегі тәлімгер ретінде өте маңызды. Мен оларды жаңадан бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлермен жұмыс істеу тәжірибеме енгізуді жоспарлап отырмын".

Анара Кенжебаева, бизнес-тренер «Бұл тренинг Мен үшін маңызды болды, өйткені халықаралық тренерлер сабақ өткізді. Әсіресе, біз бәріміз бір – бірімізден ерекшеленеміз және бір-бірімізге ұқсамауымыз керек, сондықтан әркімнің даму жолы әр түрлі деген ой мені ерекше таң қалдырды. Мұнда және қазір әрекет ету маңызды, өз ісіңізді ашуға ұзақ жол салудың қажеті жоқ. Барлық теория тәжірибеде, интерактивті сессияларда пысықталды».